Домаланов Жайсаңғали Батыс Алашорда милициясының конвой командасының командирі. Ж. Домаланов Алашорда милициясының офицерлері Ә. Оспанов, А. Абылаев, Балғымбаев, Қаржаубаев, Күсепқалиевтар сияқты реалды училищенің, мұғалімдер семинариясының түлектерімен бірге ІV Орал облысы қазақ съезінің қарары мен 1918 жылы жазда Жымпитыда ашылған Ойыл облысы жігіттерінен офицерлер даярлайтын 6 айлық юнкерлер (кейін прапорщиктер) мектебіне түседі. Мектепті бітіріп, прапорщик шенінде Алашорданың Батыс бөлімін басқару жөніндегі бөлімшенің командирі болып тағайындалады. 1918 жылғы желтоқсандағы Жымпиты Алаш гарнизонының баскөтеруі кезінде Батыс Алашорда үкіметі қаржысының бір бөлігін аман алып қалып, Ойылға жеткізген Алашорда офицерлерімен бірге болады. 1920 жылы Алашорда таратылғаннан кейін ауылда колхозшы қызметінде жұмыс жасайды (БҚО ПД архиві Ф-6,№П-2471 іс).
Домаланов Жайсаңғали
- Аты-жөні: Домаланов Жайсаңғали
- Жаза түрі: Басқа
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ