Исмағамбетов Қабылбай, 1898 жылы БҚО Тайпақ ауданының №16 ауылында дүниеге келген. Алашорда офицері. Білімі бастауыш. Тұтқындалған кезде Атырау облысы Мақат ауданының Мақат өндірісінде қаржы инспекторы болып жұмыс жасаған. 1937 жылы 10 қыркүйекте БҚО УНКВД тарапынан тұтқындалады. 1937 жылы 5 желтоқсанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 59-1, 58-2, 58-11 баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім - ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1958 жылы 4 қаңтарда Гурьев облыстық сотының қаулысымен оған қарсы қозғалған істің қылмыстық құрамының жоқтығына байланысты тоқтатылып, ақталған (БҚО ПД архиві, №П-983 іс).
Исмағамбетов Қабылбай
- Аты-жөні: Исмағамбетов Қабылбай
- Туған жері: БҚО Тайпақ ауданының №16 ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ