Жарылғасов Жұмағали, 1862 жылы БҚО Қаратөбе ауданының Ханкөл ауыл советінде дүниеге келген. Қазақ, 1917 жылға дейін болыс ағаманы болған, бай, Батыс Алашорданың мүшесі. Жеке шаруашылығында 4-5 жылқы, 2-3 түйе, 10 ірі қара және 100 бас ұсақ малы (қой) болған. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін қудалауға түскен. 1920 жылдары алашордашылар қудаланып, кейбірі кеңестер билігін мойындауға мәжбүр болған ауыр кезеңдерде 1929 жылы бай-кулактарды тәркілеу саясаты басталып, Ж. Жарылғасовтың да мал-мүлкі тәркілеуге түскен. Оған көшуге, орын ауыстыруға тыйым салынған. Сондықтан Ж. Жарылғасов Шыңғырлау ауданының Лубен ауылында тұратын ұлы Өтеп Жұмағалиевтің қолына келіп тұрып, 1932 жылы дүниеден озған. Әйелі Жарылғасова Өрлен одан 1 жылдан кейін 1933 жылы дүние салған (БҚО ПДА, 1-қор, №П-193 ).
Жарылғасов Жұмағали
- Аты-жөні: Жарылғасов Жұмағали
- Туған жері: БҚО Қаратөбе ауданының Ханкөл ауыл советі
- Жаза түрі: Басқа
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ