Жәнібеков Дәулетқали (Джаныбеков Давлеткалий), 1892 жылы БҚО Тайпақ ауданының №12 ауылында дүниеге келген, сауатты. Тұтқындалған кезде БҚО Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылында тұрған. Қаратөбе аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі қызметін жасаған. Білімі: 1 кластық училище бітірген. Батыс Алашорда офицері, қазақ, партияда жоқ, қызметкер,1937 жылы УК РСФСР 58-7 -бабы бойынша 8 жылға сотталған. 1937 жылы 3 сәуірдегі толтырылған жеке анкетасында әйеліБалқия Жәнібекова 33 жаста, ұлы Нығымет 12 жаста, қыздары Ұлмаш 7 жас, Ұлзада 5 жас, Ұлжан 1 жас. Інілері–Ізім14 жас, Сағид 13 жас, қарындасы Дариш 14 жас, әпкесі Нағима 55 жас. Айыптау: Гурьев округі Жило-Косинский ауданында (қазіргі Жылыой ауданы) бұрынғы алашордашы, Батыс Алашорда милициясының офицері Н.Меңдіқұлов, Айтжановтармен бірге контрреволюциялық ұлтшыл ұйым құрғаны үшін РФ ҚК 58-10, 58-11-баптары бойынша сотталып, 1937 жылы 19 тамызда атылған (БҚО УНКВД, Хаттама №2, №9526 іс., Арх-1, Ф-1.). (Ескерту: барлығы 4 адам, яғни Д.Жәнібеков, Н.Меңдіқұлов, Ж.Айтжанов, бәрі бірге бір хаттамамен айыпталып, бірге атылған, ал Т.Әбубәкіров 10 жылға еңбекпен түзету лагеріне (ЕТЛ) қамалған.). (БҚО ПДА, 6-қор, №П-563іс және 1937 жылғы №П-1047іс – Д. Джаныбековты айыптау ісі сақталған).
Жәнібеков Дәулетқали (Джаныбеков Давлеткалий)
- Аты-жөні: Жәнібеков Дәулетқали (Джаныбеков Давлеткалий)
- Туған жері: БҚО Тайпақ ауданының №12 ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ