Жоламанов Акмәмбет Жоламанұлы, 1898 жылы Батыс Қазақстан облысы Қызылағаш ауданының №26 ауылында дүниеге келген. Қазақ, орта білімді, Алашорда әскери жасағының құрамында болған. Тұтқындалған кезде Жаңақала ауданының Новая-Казанка ауылдық председателінің орынбасары қызметін атқарған. 1938 жылы 16 сәуірде Жаңақала аудандық РО НКВД тарапынан «Алашорданы қолдаушы, антисоветтік, ұлтшыл террористік топтың мүшесі» ретінде тұтқындалған. 1938 жылы 13 қарашада КСРО Жоғарғы Сотының шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптары бойынша сотталып, 12 жылға ЕТЛ-ға қамалған. 1958 жылы 1 наурызда істе қылмыс құрамының жоғына орай ақталған (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары, БҚО мемлекеттік мұрағаты 786-қор, 1-тізбе, 225-іс).
Жоламанов Акмәмбет Жоламанұлы
- Аты-жөні: Жоламанов Акмәмбет Жоламанұлы
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Қызылағаш ауданының №26 ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ