Жоламанов Бисекен 1892 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дүниеге келген. Қазақ, орта білімді, ауқатты, Орал және Ақтөбе облыстарында бірнеше жерде түрлі қызметтер жасаған. Батыс Алашорда мүшесі. Тұтқындалған кезде Ақтөбе қаласында екінші хатшы қызметінде болған. 1937 жылы 2 қазанда Ақтөбе облыстық УНКВД тарапынан тұтқындалып, РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1959 жылы 23 қаңтарда Жоғарғы Соттың шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай іс тоқтатылып, ақталған. Б. Жоламанов туралы Ищанов, М. Жазықбаев қылмыстық істерінде қатар айтылады (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары).
Жоламанов Бисекен
- Аты-жөні: Жоламанов Бисекен
- Туған жері: Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ