Жуламанов Бисекен, Ақтөбе облысының Шалқар ауылында дүниеге келген. Қазақ, бастауыш білімді, Алашорда мүшесі. 1937 жылы 2 қазанда Ақтөбе облыстық УНКВД тарапынан тұтқындалған. УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1959 жылы 23 қаңтарда Жоғарғы соттың шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай іс тоқтатылып, ақталған (БҚО мемлекеттік архиві, 786-қор, 1-тізбе, 225-іс).
Жуламанов Бисекен
- Аты-жөні: Жуламанов Бисекен
- Туған жері: Ақтөбе облысының Шалқар ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ