Жұмабаев Ахмед, 1900 жылы Батыс Қазақстан облысы Саялы ауылында дүниеге келген. Қазақ, бастауыш білімді, ауқатты атқамінердің баласы, Алашорда әскери жасағының құрамында қызмет еткен. 1929 жылы тәркілеу, ұжымдастыру кезінде Тайпақ ауданы бойынша кеңестерге қарсы шыққан наразы топтардың құрамында белсенді болған. 1932 жылы 3 тамызда ОГПУ тарапынан тұтқындалып, 1932 жылы 28 желтоқсанда ОГПУ Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр жаза – ату жазасына кесілген (БҚО ПД архиві Үштіктің хаттамалары).
Жұмабаев Ахмед
- Аты-жөні: Жұмабаев Ахмед
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Саялы ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ