Жұмабаев Ғазиз – қазақ, сауатты, діни білімді, Алашорда мүшесі. 1917 жылға дейін Бұқарада, Хиуада білім алған. 1917 жылы «хазірет» лауазымына ие болып, Батыс Алашорда басшысы Ж. Досмұхамедовпен бірге қоғамдық-саяси істерге араласқан. (Бұл екеуі де тана руынан болғандықтан, туысқан ретінде жақсы қарым-қатынаста болған). Ж. Досмұхамедовтің шақыруымен мешіттің имамы болып тағайындалып, Алашорда тарағанға дейін сонда қызмет атқарған. Жұмабаев Ғазиз хазіреттің екі әйелі болған, оның біреуі 1934 жылы қайтыс болған. Кеңес өкіметі орнаған 1920 жылдары 3 айлық мұғалімдер курсында білім алып, бұрынғы діни қызметін тастап, мұғалімдік қызметке ауысқан. Жымпиты аудандық білім беру бөлімінің басшысы Измаиловтың айтуынша, 1916 жылы 2 кластық орыс-қазақ училищесінің 2 жылдық педагогикалық курсын аяқтаған. 1936 жылы тамыз айынан бастап Тасқұдық ауылдық бастауыш мектебінің меңгерушісі, Бұлдырты бастауыш орта мектебінің директоры қызметтерін атқарған. 1937 жылы сәуір айында НКВД тарапынан бақылауға алынып, кейін сотталған (БҚО мемлекеттік архиві, 786-қор, 1-тізбе, 225-іс, 105-106-пп.).
Жұмабаев Ғазиз
- Аты-жөні: Жұмабаев Ғазиз
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ