Жұмабав Ғалымжан, 1914 жылы БҚО Еспол ауданының №9 ауылында дүниеге келген. Қазақ, жоғары білімді, мамандығы – дәрігер. Алашорда мүшесінің, ауқатты байдың баласы. Тұтқындалған кезде Сарысу ауданының Байқадам ауылында тұрған. 1938 жылы 5 ақпанда Сарысу аудандық РО НКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 14 ақпанда ОҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-8, 58-9, 58-11-баптары бойынша 10 жылға сотталып, ЕТЛ-ға қамалған. 1993 жылғы 14 сәуірдегі ҚР Заңына сәйкес 2000 жылы 9 желтоқсанда Жамбыл облыстық прокуратурасының шешімімен ақталған (БҚО ПД архиві).
Жұмабав Ғалымжан
- Аты-жөні: Жұмабав Ғалымжан
- Туған жері: БҚО Еспол ауданының №9 ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ