Жұмағалиев Бахит, 1894 жылы БҚО Жымпиты ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, қызметі – төрағаның орынбасары. Батыс Алашорданың әскери жасағында қызмет жасаған, Алашорда жетекшілерімен тығыз байланыста болған. Тұтқындалған кезде Ақтөбе облысының Ойыл ауданында тұрған. 1933 жылы 13 наурызда ОГПУ коллегиясының шешімімен антисоветтік террористік диверсиялық ұйымның жетекшісі деген айыппен тұтқындалған. 1934 жылы 13 наурызда ОГПУ коллегиясы Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-11-баптары бойынша сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған, ЕТЛ-ға қамалған. 1957 жылы 19 қыркүйекте Қазақ КСР Жоғарғы Сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай іс тоқтатылып, ақталған (БҚО ПД архиві, №П-983 іс).
Жұмағалиев Бахит
- Аты-жөні: Жұмағалиев Бахит
- Туған жері: БҚО Жымпиты ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ