Жұмағалиев Өтеп (Джумагалиев Утеп) 1900 жылы БҚО Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылында дүниеге келген, шаруа-кедей, шала сауатты, бұрын сотталмаған, қазақ, үйленген. Батыс Алашорданы қолдаушы, Алашорданың белсенді мүшесінің ұлы. Соғыс жылдары 1942 жылы немістерге тұтқынға түсіп, 1943 жылы «Түркістан легионының» №3 ротасында жұмыс жасаған. 1944 жылы американдық әскер қолына тұтқынға түсіп, АҚШ-қа жіберілген кезде американдық офицерлердің арандатуына ілігіп, елге келгеннен кейін тыңшы қызметін атқарған деген айыптармен сотталып, ақталмаған. БҚО Шыңғырлау ауданы Лубенка ауылына қарасты «Красная звезда» (Қызыл жұлдыз) колхозында қатардағы колхозшы қызметін атқарады. Әкесі Джарылгасов Жұмағали 1862 жылы туған, Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылының тұрғыны, революцияға дейін болыс ағаманы қызметін атқарған, кулактарды жою кезінде қудалауға ұшыраған, 1932 жылы өлген. Ал шешесі Джарылгасова Урлен 1933 жылы өлген, кейін көп уақыт өтпей інісі Джумагалиев Хайруш та дүниеден өткен. Әкесін Кеңес өкіметі тарапынан әрдайым қудалап, артынан қалмағасын, Утеп Джумагалиев Шыңғырлау ауданына көшіп кеткен. Ақталмаған. (Іс 2 томнан тұрады). (БҚО ПДА 1-қор, №П-193 іс.) (БҚО ПД архиві).
Жұмағалиев Өтеп (Джумагалиев Утеп)
- Аты-жөні: Жұмағалиев Өтеп (Джумагалиев Утеп)
- Туған жері: БҚО Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ