Жұмалиев Ермұхамбет (дүниеге келген, дүниеден озған жылы белгісіз). Батыс Қазақстан облысы. Қазақ, Батыс Алашорданы қолдаушы, ниеттес, бұрынғы бай, білімі бастауыш. 1927 жылға дейін ірі бай болған, мал саудамен айналысқан. Әйелі – 1929 жылы тәркілеуге ілініп, жр аударылған атақты Арыстан деген бай-феодалдың қызы. Ермұхамбет Жұмалиев 1925 жылы Тілепов және Сәбитов бандасымен тығыз байланыста болған, кейін «Ишим түбегі» тұрғындарының Беспішен ауыл советіне қарасты Исай колхозындағы 1927-1928 жылдардағы осы «бандалар тобын» қолдағаны үшін айыпталған. Орал түрмесінде қамауда отырған. Сонымен қатар қылмыстық істе 1937 жылы НКВД тарапынан ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген хазірет, мүрит-сопы Ғабдолғазиз Көбеевке қызмет жасаған діни адам болған. Сол сияқты, істе куәгерлердін жауап алу парағында 1931 жылы ақ гвардияшыларды қолдағаны үшін тұтқындалған басқарушы-правитель Мұхамедрахим Қарабаевпен тығыз байланыста болғаны жазылған. Оған тиесілі бар мүлкі тәркіленген (БҚО ПД архиві, №П-983 іс, 14-15 пп).
Жұмалиев Ермұхамбет
- Аты-жөні: Жұмалиев Ермұхамбет
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ