Зұлқарнаев Айтжан 1873 жылы БҚО. Жымпиты ауданы Көздіғара ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, Қоға колхозының колхозшысы. Бұрынғы Алашорданың мүшесі ретінде және Алашорда Батыс бөлімінің жетекшілермен тығыз қарым-қатынаста болғаны үшін 1938 жылы 25 сәуірде БҚО Жымпиты НКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 30 қыркүйекте БҚО бойынша УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1 қазан 1938 жылы атылған. 1971 жылы 24 қарашада БҚО облыстық сотының қаулысымен істе қылмыс құрамының жоғына орай ақталған (БҚО ПД архиві).
Зұлқарнаев Айтжан
- Аты-жөні: Зұлқарнаев Айтжан
- Туған жері: БҚО. Жымпиты ауданы Көздіғара ауылдық кеңесі
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ