Ибраев, (туған, өлген жылы белгісіз), қазақ, білімі жоғары. Алашорданың белсенді мүшесі. БҚО мемлекеттік архивінің 786 қорынан табылған БҚО білім басқармасының хаттамалары бойынша Ибраев Алматыдағы педагогикалық институттың оқытушысы, Оралдағы техникум оқытушысы. 1937 жылы Алашорданың мүшесі болғаны үшін және «бұрынғы Алашордашылар Бимендин және Құдайқұловтармен байланысын үзбеген, техникум студенттеріне бұрынғы тарихты ұлтшыл бағытта түсіндірген, советтік идеологияға қарсы көзқараста» деген айыпттар тағылып, НКВД тарапынан тұтқынға алынған. Арнайы құрылған анықтау-тергеу комиссиясы құрамында Бибиков, Хоменко және Турсынбаевтар оқытушы Ибраевтың шын мәнінде бұрынғы Алашорда үкіметіне қызмет жасап, оның белсенді мүшесі болғанын анықтаған. Одан әрі Ибраевтың ісі облыстық НКВД –ның бақылауына алынып, Үштіктің шешімімен сотталған. (БҚО МА 786-қор, 1-тізбе, 24 байлам, 225-іс ).
Ибраев
- Аты-жөні: Ибраев
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ