Ибрашев Қалмуқаш (Казмукаш) 1894 жылы БҚО Гурьев округінде дүниеге келген. Қазақ, бұрынғы Алашорда белсендісі. Сағыз земство басқармасында жұмыс жасаған, Алашорданың оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі болған. Алашорда таратылғаннан оқытушы болып қызмет атқарған. Тұтқынға дейінгі қызмет орны: балық техникумы. Аталған техникумда математика және қазақ тілінен сабақ берген. БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен 1937 жылы 22 сәуірде РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-2, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. (БҚО ПД архиві №П2451 іс- Қ. Қосдәулетов ісінде аталады, сонымен бірге БҚО МА 786-қор, 1-тізбе, 225-іс, 111-п.).
Ибрашев Қалмуқаш (Казмукаш)
- Аты-жөні: Ибрашев Қалмуқаш (Казмукаш)
- Туған жері: БҚО Гурьев округі
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ