Иманғазиев Үсенғали, 1897 жылы Батыс Қазақстан облысы Гурьев округінің Қайыршақты ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі орташа, Батыс Алашорда әскери жасағының құрамында болған, Эмбанефть (Ембімұнай) трестінің автогаражында қызмет жасаған. 1938 жылы 2 ақпанда Мақат аудандық РО НКВД тарапынан тұтқындалған. БҚО НКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1988 жылы 19 желтоқсанда Гурьев облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай ақталған (БҚО ПД архиві, 983 істе).
Иманғазиев Үсенғали
- Аты-жөні: Иманғазиев Үсенғали
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Гурьев округінің Қайыршақты ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ