Иманкулов Сатыбек, 1904 жылы БҚО Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылында дүниеге келген. Оралдағы облыстық газеттің бұрынғы редакторы (Манкеев Ғабдолла ісі бойынша). Бұрынғы алашордашы, антисоветтік үгіт-насихат жүргізді деген айыппен 1937 жылы 5 қыркүйекте БҚО УНКВД тарапынан тұтқындалып, КСРО Жоғары Сотының шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-8, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1958 жылы 1 наурызда КСРО Әскери Коллегиясы қаулысымен істе қылмыс құрамының жоғына орай ақталған. (ҚР ПА, 141-қор, 17а-тізбе, 98-іс –Список участников антипартийных группировок и Алаш-Орды (по Уральскому горкому ВКП,б).
Иманкулов Сатыбек
- Аты-жөні: Иманкулов Сатыбек
- Туған жері: БҚО Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ