Имашев Габдулла, 1889 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Сабынкөл ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі орташа, Батыс Алашорда мүшесі, 1937 жылы 7 қазанда БҚО УНКВД тарапынан тұтқындалған, 1937 жылы 20 қазанда УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1989 жылғы 16 қаңтардағы ПВС КСРО Қаулысына сәйкес 1989 жылы 26 сәуірде БҚО прокуратурасының шешімімен ақталған (БҚО мемлекеттік архиві, 786-қор, 1-тізбе, 225-іс.).
Имашев Габдулла
- Аты-жөні: Имашев Габдулла
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Сабынкөл ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ