Исмагулов Сейітқазы 1887 жылы БҚО Жымпиты ауданының Көздіғара ауылында дүниеге келген. Қазақ, молда, үйленген. Бұрын сотталмаған. Батыс Алашорда мүшесі. 1937 жылы 23 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының Жымпиты аудандық НКВД тарапынан қамауға алынған. Оған «контрреволюциялық, ұлтшыл, бүлікшіл, зиянды-террористік ұйымда белсенді қызмет атқарды» деген айып тағылған. 1937 жылы 30 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы УНКВД үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1989 жылы 10 мамырда БҚО прокуратурасы 1989 жылғы 16 қаңтардағы ПВС КСРО Қаулысына сәйкес ақтаған (БҚО ПД архиві, П-2451 іс).
Исмагулов Сейітқазы
- Аты-жөні: Исмагулов Сейітқазы
- Туған жері: БҚО Жымпиты ауданының Көздіғара ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ