Исмағамбетов Қабылбай 1898 жылы БҚО Тайпақ ауданының №16 ауылында дүниеге келген. Қазақ, орта білімді, Алашорданың белсенді мүшесі, Алашорда әскерінің офицері. Алашорда таратылғаннан кейін Форд Александровка мектебінде мұғалім болып қызмет жасаған. 1937 жылы «оқу-ағарту саласын алашордашылар мен діншілдер, молдалардан тазарту» жұмыстары кезінде НКВД тарапынан тұтқынға алынып, 1937 жылдың 5 желтоқсанында УНКВД тарапынан РКФСР ҚК 59-1, 58-2, 58-11-баптары бойынша сотталған. УНКВД Үштігінің шешімімен ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1958 жылы 4 қаңтарда Гурьев облыстық сотының қаулысымен істе қылмыс құрамының жоғына орай ақталған. (БҚО мемлекеттік архиві, 786-қор, 1-тізбе, 225-іс).
Исмағамбетов Қабылбай
- Аты-жөні: Исмағамбетов Қабылбай
- Туған жері: БҚО Тайпақ ауданының №16 ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ