Исмурзин Өмірзақ Исмурзаұлы 1896 жылы Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданының №16 ауылында дүниеге келген. Қазақ, орта арнаулы гуманитарлық білімі бар, Батыс Алашорда мүшесі. 1929 жылы бай ретінде тәркілеуге ұшырап, жер аударылған. Атырау облысында тау-мұнай техникумында оқытушы қызметінде жұмыс жасаған. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген. 1938 жылы 8 ақпанда Гурьев оьлыстық УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 14 ақпанда РКФСР ҚК 58-2, 58-10, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1957 жылы 24 қаңтарда Гурьев облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай ақталған (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары).
Исмурзин Өмірзақ Исмурзаұлы
- Аты-жөні: Исмурзин Өмірзақ Исмурзаұлы
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданының №16 ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ