Истлеуов Сагидулла (Ізтілеуов Сағидолла) 1871 жылы дүниеге келген. Туған жері: Ақтөбе облысы Ойыл ауданы №21 ауылы. Жоғары білімді дін қызметкері болған. Руы Кіші жүздің Әлім – Ақкете – Сейіт – Мамырбай. Діншіл, молда. Алашорда мүшесі. Атасы мен әкесі бірнеше рет қажылыққа барып, орта арнаулы діни оқу орындарын бітірген. 1902 жылы Мәдина қаласындағы «Ислам» университетіне оқуға түсіп, оны 1906 жылы тәмамдаған. Жоғары діни білім алып, Ойыл ауданының №17 ауылында мешітте молда болып, көп ұзамай сол жерден сауаттандыру мектебін ашады. 1917 жылы «Увакит» газетінде алаштықтар Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхандармен кездесіп, одан әрі қарай берік достық орнатады. Ортақ басқосуларында Алашорданың болашағы туралы, елдің тәуелсіздігі туралы пікірлерімен бөлісіп отырады. Кейін С. Ізтілеуов Күнбатыс Алашорда ұйымының жұмысында бірге бас көтеріп, осы мақсатта арнайы съездер ұйымдастырған. С. Ізтілеуов 1917 жылы сәуірде Орал қаласында, маусымда Көкжарда, 1918 жылдың қаңтар айында Қаратөбеде өткен съездердің барлығына да қатысып, онда талқыланған Қазақ автономиясын құру мәселесі туралы өз пікірін білдірген. 1937 жылы 9 тамызда РСФСР ҚК 58-8-тармағы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыптау: Ақтөбе облысының УНКВД соты арқылы сотталған. Ұлты – қазақ. 1937 жылы 9 тамызда РКФСР ҚК 58-8-бабы бойынша сотталған. 1990 жылы 11 наурызда қылмыстық іс құрамының жоғына орай ақталған. (Ісі Ақтөбе облыстық полиция департаменті архивінде сақталған. Қосымша мағлұматтар С. Истлеуовтің ұрпақтары – немерелері Қарлығаш апай мен Ақмарал Сағадатқызынан алынған. 16.07.2022 ж.).
Истлеуов Сагидулла (Ізтілеуов Сағидолла)
- Аты-жөні: Истлеуов Сагидулла (Ізтілеуов Сағидолла)
- Туған жері: Ақтөбе облысы Ойыл ауданы №21 ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ