Итишев Хаир (дүниеге келген, дүниеден озған жылы белгісіз). Бұрынғы бай, сол үшін бұған дейін сотталған, колхоз төрағасы. Батыс Алашорданың мүшесі. БҚО Шыңғырлау ауданында дүниеге келген. Қазақ, білімі орташа, Шыңғырлау ауданының Үлгілі колхозында парторг қызметін атқарған. КСРО-ны құлатып, Қазақстанды бөліп алып, жаңа буржуазиялық ұлттық мемлекет құруды жоспарлаған террористік топтың мүшесі деген айып тағылған. 1938 жылы қаңтарда Шыңғырлау ауданы бойынша бір топ тұлғамен бірге тұтқындалған, жауапталған. Шыңғырлау ауданы бойынша УНКВД Үштігінің шешімімен сотталып, ЕТЛ-ға қамалған. Бұдан кейінгі тағдыры белгісіз (БҚО ПД архиві, №П-983 іс, Х. Нұрпейісов ісінде).
Итишев Хаир
- Аты-жөні: Итишев Хаир
- Туған жері: БҚО Шыңғырлау ауданы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ