Казыев Орынтай 1901 жылы Орал губерниясы Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, байдың ұлы. Батыс Алашорда әскери жасағының құрамында қызмет жасаған, Алашорда жетекшілерімен байланыста болған. Тұтқындалған кездегі қызметі – Шыңғырлау ауданы бойынша Райком КП(б)К хатшысы. 1938 жылы 14 қаңтарда Жәнібек аудандық НКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 13 қарашада Әскери коллегияның көшпелі сессиясы шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім–атужазасына кесілген. Үкім орындалған. 1964 жылы 23 сәуірде Әскери коллегияның шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай іс тоқтатылып, ақталған (БҚО ПД архиві, №П-983 іс, С.Құрманов ісі бойынша).
Казыев Орынтай
- Аты-жөні: Казыев Орынтай
- Туған жері: Орал губерниясы Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ