Кенжеғалиев Хакім 1908 жылы БҚО Казталов ауданында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, қызметі – колхозшы. Батыс Алашорданы қолдаушы, ниеттес, антисоветтік көзқараста деген айып тағылған. 1937 жылы 11 желтоқсанда БҚО УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 15 ақпанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-7, 58-9, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1989 жылы 6 маусымда БҚО прокуратурасының шешімімен 1989 жылғы 16 қаңтардағы ПВС КСРО Қаулысына сәйкес ақталған (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары).
Кенжеғалиев Хакім
- Аты-жөні: Кенжеғалиев Хакім
- Туған жері: БҚО Казталов ауданы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ