Кощанов Избай Нұржігітұлы 1906 жылы Орал губерниясының Маңғыстау ауданындағы Форт-Александровкада дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, қызметі – инструктор. Батыс Алашорданың әскери жасағы құрамында болған. 1930 жылы бірінші рет тұтқындалған. Кейін 1938 жылы 13 қаңтарда БҚО УНКВД тарапынан тағы тұтқындалған. 1938 жылы 13 қарашада Әскери Коллегияның көшпелі сессиясы (выездная сессия военной коллегии) РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптары бойынша соттап, ең жоғары жаза – ату жазасына кескен. 1964 жылы 23 сәуірде Жоғарғы Соттың әскери Коллегиясы істі қылмыстық құрамының жоғына орай іс тоқтатып, ақтаған. (БҚО ПД архиві, №П-2209 іс.).
Кощанов Избай Нұржігітұлы
- Аты-жөні: Кощанов Избай Нұржігітұлы
- Туған жері: Орал губерниясының Маңғыстау ауданындағы Форт-Александровка
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ