Көпжасаров Ескендір Батыс Алашорда әскери далалық сотының төрағасы. 1917 жылы сәуірдегі І Қазақ Орал облыстық сьезін ұйымдастыру ісіне белсене араласты. Айтылмыш сьезде Хайырша хазірет Ахметжанов және Ермұхамед Арғыншиевпен бірге сьез хатшысы болып сайланды. 1918 жылы сәуірдегі облыстық қазақ управасы мен Қазақ Войско үкіметі арасындағы одақтық келісімшартқа және сол жылғы мамырдағы ІV Қазақ Орал облыстық сьезінің большевизмге қарсы күрес жөніндегі қарарына сәйкес құрылған Ойыл уәлаятында большевизм салдарын жою жөніндегі айрықша комиссияны басқарды және Ж. Досмұхамедов басқарған әскери-далалық сот төрағасының орынбасары болды. Қоғамдық өмірдің әртүрлі саласында білікті мамандардың жетіспеушілігіне байланысты тергеу-тексеру ісі мен сот ісінің аражігі ұдайы сақтала бермеген, әрі соғыс үстіндегі уәлаят жағдайында атқарымдық міндеттері, негізінен, бір болған бұл екі құрылымның құрамына Алпан Кенжәлиев, Ескендір Көпжасаров, Қуат Төтебаев, конвой командасының командирі Жайсаңғали Домаланов т.б. кірді (БҚО ПД архиві).
Көпжасаров Ескендір
- Аты-жөні: Көпжасаров Ескендір
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ