Китаров Сабыр 1902 жылы БҚО Жаңақала ауданының №4 ауылында дүниеге келген. Батыс Алашорданы қолдаушы, Кеңес үкіметіне қарсы антисоветтік топты ұйымдастырушылардың бірі. БҚО ПД архивінде сақталған №П-3984 істе куәгер Н. Сәрсекеновтің айтуы бойынша (122-парақ, келесі бетте), 1937 жылы жазда В. Ажгереев пен С. Китаровтың Алматыға жиналысқа барған іссапарында бұл екеуінің Қазақ мемлекеттік драма театрында қызмет жасайтын Махамбет және Наушанғали Бөкейхановтардың үйіне тоқтағанын растайды. Алашорданың мүшесі М. Бөкейханов 1928 жылы Орда ауылынан байлардың бірі ретінде мал-мүлкі тәркіленіп, жер аударылған болатын. 1931 жылы наурызда Жаңақала ауданының №4 ауылында Кеңес билігіне қарсы көтеріліс ұйымдастырды деген айыппен 1931 жылы наурызда тұтқындалып, 1932 жылы 25 ақпанда РКФСР ҚК 58-2, 58-8, 58-10-баптары бойынша 1 жылға ЕТЛ-ға қамалған. 1989 жылы 27 маусымда БҚО прокуратурасы шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай іс тоқтатылып, ақталған (БҚО ПД архиві, №П-3984 іс).
Китаров Сабыр
- Аты-жөні: Китаров Сабыр
- Туған жері: БҚО Жаңақала ауданының №4 ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ