Кусаев Төлеген 1896 жылы БҚО Шыңғырлау ауданының Мирзоян атындағы ауылда дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, колхозшы. Тұтқындалған кезде Шыңғырлау ауданының Мирзоян ауылында колхозшы жұмысын атқарған. Алашорданың белсенді мүшесі, қызылдар әскерін атуға қатысқан жазалаушы әскердің қатарында болған. Алашорда мүшесі Уайсов Қуанышқалидың қылмыстық ісі бойынша 25 адамның тізімінде аталады. 1937 жылы 22 желтоқсанда БҚО УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1937 жылы 28 желтоқсанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-10, 58-13-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1993 жылы 5 наурызда Қазақ КСР Прокуратурасы шешімімен 1990 жылғы 13 тамыздағы КСРО Президентінің Указына сәйкес ақталған (БҚО ПД архиві №П-983 іс, Қ. Уайсов ісінде).
Кусаев Төлеген
- Аты-жөні: Кусаев Төлеген
- Туған жері: БҚО Шыңғырлау ауданының Мирзоян атындағы ауыл
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ