Кульчурин Әбдірахман 1896 жылы Астрахань губерниясы Бөкей ордасы Мұратсай болысының Ахункөл ауылында дүниеге келген. Байдың баласы, қазақ, білімі орташа. 1903-1907 жылдары 3 жылдық ауыл мектебінен білім алып, 1907-1910 жылдары 1 кластық Торғын қалалық училищесінде оқыған. Бұрынғы алашордашыларды қолдады, антисоветтік үгіт-насихат жүргізді деген айыппен 1927 жылы қарашада 1937 жылы 13 желтоқсанға дейін тұтқындалып, КСРО Жоғарғы Сотының шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8 , 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім 1937 жылы желтоқсанда орындалған. 1958 жылы 1 наурызда КСРО Жоғарғы Сотының қаулысымен ақталған. (ҚР ПА, 141-қор, 17а-тізбе, 98-іс – Список участников антипартийных группировок и Алаш-Орды (по Уральскому горкому ВКП,б).)
Кульчурин Әбдірахман
- Аты-жөні: Кульчурин Әбдірахман
- Туған жері: Астрахань губерниясы Бөкей ордасы Мұратсай болысының Ахункөл ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ