Курманбаев Рашит Асылходжаұлы 1912 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. Батыс Алашорда мүшелерімен ниеттес. Қазақ, жоғары білімді, қызметі – аға агроном, қызметкердің ұлы, әкесі мұғалім болған, бұрын сотталмаған. Тұтқындалған кезде Орал қаласы Гурьевская көшесі, 44-үйде тұрған. НКВД қызметкерлеріне берген жауаптау парағында әйелі Нина Логашкина, гидромет мекемесінде синоптик қызметімен айналысқан деп көрсетілген. 1938 жылы 27 қаңтарда БҚО УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 11 қаңтарда БҚО УНКВД шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім Орал түрмесінде 1938 жылы 16 ақпанда 22 сағат 50 минутта орындалған. 1958 жылы 10 мамырда БҚО облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай іс тоқтатылып, ақталған (БҚО ПД архиві, №П-983 іс).
Курманбаев Рашит Асылходжаұлы
- Аты-жөні: Курманбаев Рашит Асылходжаұлы
- Туған жері: Алматы облысы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ