Абдулов Мұратқали (Мураткали), 1900 жылы Гурьев облысы Теңіз ауданының Нұржау ауыл советінде дүниеге келген. Қазақ, бұрынғы бай, Алашорда әскери жасағының құрамында болған. Гурьев облысындағы Татарка елді мекенінде (Мирзоян колхозы) бригадир қызметінде жүрген кезінде УНКВД тізіміне ілініп, 1934 жылы антипартиялық топта болғаны үшін ВКП(б) құрамынан шығарылады және сол жылы 1,5 жылға сотталады. Одан қылмыстық құрамының жоқтығына байланысты босап шығады. Алайда кейін Алашордашы Х. Хайдаровпен бірге колхозда Кеңес үкіметіне қарсы наразылық көрсетіп, антисоветтік үгіт-насихат жүргізіп және стахановшыларға қысым көрсетіп, колхозшылардың «өміріне қауіп төндіргені» деген айыптармен қайта қамауға алынады. 1937 жылы 14 наурыздан бастап Гурьев облыстық УНКВД шешімімен РСФСР ҚК 58-11-7, 58-10 баптары бойынша сотталады. Сот шешімі бойынша Еңбекпен түзету лагеріне қамалып (бұдан әрі – ЕТЛ – А. Б.), 10 жылға бас бостандығынан айырылады. (Гурьев аймақтық НКВД бөлімшесі №9576 іс. Хаттама №3, 2 қыркүйек 1937 ж.).
Абдулов Мұратқали (Мураткали)
- Аты-жөні: Абдулов Мұратқали (Мураткали)
- Туған жері: Гурьев облысы Теңіз ауданының Нұржау ауыл советі
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ