Абдуллин (Абдулиев) Әлмұхамбет, 1894 жылы Орал губерниясы Шыңғырлау ауданында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, қазақша сауатты, әскерде қызметте болмаған. Тұтқындалғанға дейін БҚО (Орал) Шыңғырлау ауданы №16 ауылда тұрған. Өте бай отбасынан шыққан, танымал молда-хазіреттің баласы. Калинин колхозының колхоз мүшесі және 1929 жылдан 1931 жылдың басына дейін №16 ауылдың басқарма төрағасы болған. 1932 жылы 15 қазанда БҚО УНКВД тұтқындаған. 1933 жылы 13 шілдедегі БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен сотталып, РСФСР ҚК 58-10,58-11-баптары бойынша 8 жылға бас бостандығынан айрылып, концлагерьге қамалған. 1989 жылы 16 қаңтардағы КСРО ПВС Қаулысына сәйкес Орал облыстық Прокуратурасының 1989 жылғы 28 маусымдағы шешімімен ақталған. (БҚО ПД архиві, №П-3208 іс, көрсетілген қылмыстық істе Шыңғырлау ауданы бойынша Юсупов Нане, Мендешев, Тулегенов және т.б. 16 адамның ісі қаралған).
Абдуллин (Абдулиев) Әлмұхамбет
- Аты-жөні: Абдуллин (Абдулиев) Әлмұхамбет
- Туған жері: Орал губерниясы Шыңғырлау ауданы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ