Абубакиров (Әубәкіров) Тілеген 1909 жылы Гурьев облысы Қызылқоға ауданының Қызылқоға ауылында дүниеге келген. Қазақ. (1938 жылы 15 қыркүйекте Атырау облысы құрылғанға дейін аймақ Орал облысының Гурьев губерниясы ретінде қазіргі Батыс Қазақстан облысының құрамында болған, сондықтан 1938 жылға дейінгі құжаттарда Орал облысы болып саналады). Білімі орташа, арнайы гуманитарлық. Алашорда офицері, Батыс Алашорда әскерінің құрамында қызмет жасаған. Тұтқындалғанға дейін Атырау облысы (Гурьев) Ембі ауданында тұрған. 1949 жылы 28 сәуірде облыстық оқу бөлімінің меңгерушісі қызметінде жүргенде Гурьев облысының УНКВД органдары тұтқындаған. КСРО МГБ жанындағы Ерекше кеңес 1949 жылы 28 қыркүйекте РСФСР ҚК 58-10-бабының 2-ші тармағы, 58-11-баптары бойынша 10 жылға ЕТЛ-ға қамаған. ВЛКСМ бұрынғы мүшесі, ұлтшылдық әрекеттері үшін мүшеліктен шығарылған, Д. Жәнібеков және Меңдіқұловпен бірге «Гурьев округі Жило-Косинский ауданында (қазіргі Жылыой ауданы) контрреволюциялық ұлтшыл ұйым құрғаны, оған жастарды үгіттегені және контрреволюциялық троцкийшіл көзқарастары, білім алушылар арасында контрреволюциялық-ұлтшыл әдебиеттер мен өлеңдер таратқан үшін» деген айыппен РКФСР ҚК 58-10, 58-11-баптары бойынша сотталып, қылмыс құрамының жоғына орай Гурьев облыстық сотының 1957 жылы 5 маусымдағы шешімімен ақталған (БҚО ПДА, УНКВД хаттамасы №2, №9526 іс., Арх-1, Ф-1.).
Абубакиров (Әубәкіров) Тілеген
- Аты-жөні: Абубакиров (Әубәкіров) Тілеген
- Туған жері: Гурьев облысы Қызылқоға ауданының Қызылқоға ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ