Абилев Ғазиз 1897 жылы Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданының Елтай ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімді, оның ішінде діни сауатты, Алашорда мүшесі. Жымпиты орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейін мешіт ұстаған, патша заманы және Алашорда өкіметі кезінде атағы жер жарған Әбіл хазіреттің баласы. Ғазиз Абилев ұзақ уақыт бойы Мәулімбергенов Қажығали хазіреттің қолында тәрбиеленіп, білім алған. 30-шы жылдары Жымпиты ауданының Елтай, Сасықкөл ауылдарында тұрған. 1937 жылы сәуірде партия комитетінің көзіне ілініп, «бұрынғы Алашорда мүшесі, хазіреттің баласы, антисоветтік көзқарастағы ұлтшыл» деген желеулермен қызметінен шеттетілген. 1938 жылы 13 ақпанда Жымпиты аудандық УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 15 ақпанда УНКВД Үштігінің шешімімен сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1958 жылы 13 қыркүйекте қылмыс құрамының жоғына орай іс тоқтатылып, ақталған. (БҚО мемлекеттік архиві, 786-қор, 1-тізбе, 225-іс, 105-106-пп.).
Абилев Ғазиз
- Аты-жөні: Абилев Ғазиз
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданының Елтай ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ