Айбасов Бақай 1885 жылы БҚО Жылықос ауданының (қазіргі Жылыой ауданы) Ақшілік ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі – бастауыш, атақты бай. Алашорданы қаржылай қолдаушы. Тұтқындалған кезде Гурьев облысының Ембі ауданында тұрған. 1937 жылы 20 желтоқсанда Гурьев облыстық УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1937 жылы 31 желтоқсанда УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-10-бабы бойынша сотталып, 10 жылға ЕТЛ-ға қамалған. 1989 жылғы 16 қаңтардағы ПВС КСРО Қаулысына сәйкес 1989 жылы 16 қарашада ақталған (БҚО ПД архиві, үштіктің хаттамалары).
Айбасов Бақай
- Аты-жөні: Айбасов Бақай
- Туған жері: БҚО Жылықос ауданының (қазіргі Жылыой ауданы) Ақшілік ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ