Айтжанов Жүсіпқали (Юсупкалий), 1893 жылы Гурьев облысының Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Қазақ, Батыс Алашорда офицері, қызметкер, партияда жоқ, сауатты, бұрын сотталмаған. Тұтқындалғанға дейін Гурьев облысы Жылықос (Жило-Косинский, қазіргі Жылыой ауданы) ауылында тұрған. Оқу бөлімінің меңгерушісі-әскери инспектор. Тұтқындалғанға дейінгі орта мектепте мұғалім қызметін атқарған. 1937 жылы 15 наурызда Гурьев облысының УНКВД Үштігі тұтқындаған, 1937 жылы 19 тамызда РКФСР ҚК 58-10, 58-11-баптарының 2-тармағымен БҚО УНКВД Үштігі шешімімен ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Айтжанов Жүсіпқалиға 1937 жылы тамызда Алашорда офицері Д. Жәнібеков және Меңдіқұловпен бірге Гурьев округі Жило-Косинский ауданында (Жылыой ауданы) контрреволюциялық ұлтшыл ұйым құрғаны, оған жастарды үгіттегені және контрреволюциялық троцкийшіл көзқарастары үшін, түрмеден қашқан қылмыскерлерге әскери билет бергені үшін деген айыптар тағылып, 1937 жылы 19 тамызда ең ауыр үкім – ату жазасына кесіліп, үкім орындалған. 1957 жылы 5 шілдеде Гурьев облыстық сотының шешімімен ақталған. Істе қылмыс құрамының болмауына орай Ж. Айтжановтың қылмыстық ісі тоқтатылған. (БҚО УНКВД, Хаттама №2, №9526 іс., Арх-1, Ф-1.).
Айтжанов Жүсіпқали (Юсупкалий)
- Аты-жөні: Айтжанов Жүсіпқали (Юсупкалий)
- Туған жері: Гурьев облысының Қызылқоға ауданы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ