Айтқожаұлы (Айткужиев) Өмірғали, 1875 жылы 1 наурызда Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының №9 ауылында дүниеге келген. Қазақ, руы қалмақ-төлеңгіт, білімі орташа, мамандығы мұғалім, Алашорданың әскери жасағында қызмет атқарған. 1937 жылы бұрынғы «Алашордада қызмет жасағаны, антисоветтік, диверсиялық, террористік топтың мүшесі болған» деген айыптармен НКВД-ның тізіміне ілінген. 1937 жылдың 2 қарашасында БҚО Камен ауданының Кусем ауылында колхозшы қызметінде жүрген жерінен УНКВД тарапынан тұтқынға алынған. 1938 жылы 15 ақпанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен сотталып, ең ауыр үкім-ату жазасына кесілген. Үкім 19 ақпанда орындалған. 1956 жылы 19 қаңтарда істің қылмыс құрамының жоқтығына байланысты тоқтатылып, ақталған. (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары).
Айтқожаұлы (Айткужиев) Өмірғали
- Аты-жөні: Айтқожаұлы (Айткужиев) Өмірғали
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының №9 ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ