Күсепқалиев Гафар Дәулетшахұлы 1901 жылы БҚО Тайпақ ауданында дүниеге келген, ұлты – қазақ. Жоғары білімді экономист, қызметі – мемлекеттік банкте экономист, ревизор. Орынбордағы Борисоглебский курсында, кейін Ресейде экономика институтында білім алған. Тұтқындалған кездегі тұрған жері – Алматы қаласы. 1938 жылы 2 ақпанда Қазақ КСР УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 11 қарашада КСРО Жоғарғы Соты Әскери Коллегиясының шешімімен РКФСР ҚК 58-7, 58-8, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім сол күні орындалған. 1960 жылы 10 қыркүйектегі КСРО Жоғарғы Сотының қаулысымен істе қылмыс құрамының жоғына орай іс тоқтатылып, ақталған. (БҚО ПД архиві).
Күсепқалиев Гафар Дәулетшахұлы
- Аты-жөні: Күсепқалиев Гафар Дәулетшахұлы
- Туған жері: БҚО Тайпақ ауданы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ