Күсепқалиев (Кусяпкалиев) Каюм (Тупыш) Аяпбергенұлы 1898 жылы БҚО Жымпиты ауылында дүниеге келген. Қазақ, руы – төре, білімі бастауыш, қызметі – облыстық заготскот мекемесінде есепші-статист. Алашорда әскерінде прапорщик болған.Жартылай феодалдардың отбасынан шыққан, бұрынғы Алашорда қызметкері. Тұтқындалған кезде Орал қаласында Кожевенная, №13 үйде тұрған. Тұтқынның анкетасында әйелі Насиха, ұлдары Рафхат, Рафик, қыздары Ғалия, Дария бар деп жазылған. 1938 жылы 8 ақпанда БҚО УНКВД тарапынан «ұлтшыл, әскери, а/с террористік бүлікші ұйымға кірді» деп айыпталып, тұтқындалған. 1938 жылы 11 ақпанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8-ІІ-баптармен сотталып, өзіне тиесілі бар мүлкі тәркіленген. Тіпту кезінде жеке басын растайтын АВ сериялы №068624 нөмірлі паспорты, прапорщик билеті №209028, әскери қызметте болғандығын растайтын жеке куәлігі (26 беттен тұратын) тәркіленген. Бұған дейін Жымпиты ауданында, Орал дайындық конторының есепшісі, қызметкер болып жұмыс жасаған. 1938 жылы 30 қыркүйекте БҚО УНКВД Үштігінің қаулысымен ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1965 жылы 27 қазан (1958 жылы 10 мамырда) БҚО облыстық сотының қаулысымен ақталған (БҚО ПД архиві, №П-983 іс К. Кусепкалиев ісі).
Күсепқалиев (Кусяпкалиев) Каюм (Тупыш) Аяпбергенұлы
- Аты-жөні: Күсепқалиев (Кусяпкалиев) Каюм (Тупыш) Аяпбергенұлы
- Туған жері: БҚО Жымпиты ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ