Күсепқалиев Шахбазгерей Жүсіпұлы 1900 жылы БҚО Тайпақ ауданында дүниеге келген, қазақ. Білімі жоғары, қызметі – агроном. 1903-1908 жылдары Қазан қаласындағы ветеринарлық институтта оқыған. Күсепқалиев Шахбазгерей туралы Шолпанай Аманжолова өз естеліктерінде жазады. Д. Күсепқалиевтің дәрігерлік учаскесіне қарасты аймақтарда инфекциялық-жұқпалы аурулар сирек болғанын, өйткені дәрігер Дәулетшах үнемі өте қарапайым, бірақ маңызды алдын алу шараларын дер кезінде жүргізіп отырған. Әсіресе, ауыз су көздерін таза ұстау, тұрғындардың тазалығы мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Осы мәселелерде оған үнемі інісі, ветеринар-дәрігер Шахбазгерей (Шабасгерей) Күсепқалиев қолдау көрсеткен. Олар бірігіп, ауыз суларды қолдану ережесі мен лабораториялық сараптамаларды жүргізген. Дәулетшахтың туған інісі ветеринар-дәрігер Шахбазгерей туралы Г. Міржақыпқызының да естелігінде айталады. Ол «Оба жылына екі рет қайталанып отырғандықтан, Жайық бойындағы тұрғындарға өте қауіпті болатын. Сондықтан Дәулетшах бар күшін салып, Жымпиты ауруханасының жанынан бактериологиялық лаборатория ашқан. Басқаруды тәжірибелі врач Григорий Иванович Кольцов пен інісі Шахбазгерей Жүсіпұлы Күсепқалиев ветеринарный врачқа тапсырады. Шахбазгерей – Қазан зооветеринарлық институтын бітірген ветврач. Дәулетшахтың басқаруымен алғашқы дәрігерлік жұмысын бастаған, бірге істегендер: болашақ профессор Халел Досмұхамедов пен Алматы медицина институтының бірінші директоры Есенғали Қасаболатовтар еді. Шахбазгерей Жүсіпұлы Күсепқалиевтің 1934 жылы Орал қаласындағы «Издат.Скотоводтрест» баспасынан түйе малын асылдандыруға қатысты және өзге де жұмыстары енген «Түйе шаруашылығы және түйе түлігіне тән аурулар бойынша практикалық нұсқаулық» еңбегі жарық көрген және алашордашылар арасындағы республикалық ең танымал басылым «Қазақ» газетінде бірнеше ғылыми мақаласы жарияланған (Алашорда қайраткерлері С. Аманжоловтың қызы Ш. Аманжолова мен М. Дулатовтың қызы Г. Дулатованың естеліктерінен, Байбулсинова А.С. Дәулетшах Күсепқалиев: қоғамдық-саяси қызметі (монография). - Орал, 2022. -214-б.).
Күсепқалиев Шахбазгерей Жүсіпұлы
- Аты-жөні: Күсепқалиев Шахбазгерей Жүсіпұлы
- Туған жері: БҚО Тайпақ ауданы
- Жаза түрі: Басқа
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ