Қазмағамбетов Рахымжан 1910 жылы БҚО Бөрлі ауданының Қарашығанақ ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімді, Алашорданы қолдаушы, Алашорда жетекшілерінің идеяларын насихаттаушы, газет редакторы. 1938 жылы 26 мамырда Шыңғырлау аудандық НКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 26 қыркүйекте БҚО облыстық соты РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-11-баптары бойынша соттап, 20 жылға ЕТЛ-ға қамалған. Кейін 1939 жылы 3 желтоқсанда КСРО Жоғарғы сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай ақталған (БҚО ПД архиві, №983 іс).
Қазмағамбетов Рахымжан
- Аты-жөні: Қазмағамбетов Рахымжан
- Туған жері: БҚО Бөрлі ауданының Қарашығанақ ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ