Қаналин Елтай 1889 жылы Ақтөбе облысының Темр уезінде дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, қызметі – басқарушы, ауқатты бай. Батыс Алашорда мүшесі. Бір жылдары БҚО Жымпиты ауданында қызметте болған. 1933 жылы 7 ақпанда Ақтөбе облыстық ОГПУ бөлімінің тарапынан тұтқындалған. 1934 жылы 13 наурызда ОГПУ коллегиясының шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-11-баптары бойынша ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1957 жылы 19 қыркүйекте Қазақ КСР Жоғарғы Сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай ақталған (БҚО ПД архиві).
Қаналин Елтай
- Аты-жөні: Қаналин Елтай
- Туған жері: Ақтөбе облысының Темр уезі
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ