Қарашин Қазмұқаш (туған-өлген жылы белгісіз). Қазақ, орта білімді, бай, атқамінер, Алашорданың белсенді мүшесі. Алашордашылар Ибрашев, Исмурзиндермен бірге қызмет жасаған. Алашорда тарағаннан кейін Сарайшық бастауыш мектебіне мұғалімдік қызметке орналасқан. 1937 жылы «оқу-ағарту саласын алашордашылар мен діншілдер, молдалардан тазарту» жұмыстары кезінде НКВД тарапынан тұтқынға алынып, сотталған (БҚО мемлекеттік архиві, 786-қор, 1-тізбе, 225-іс, 109-п.).
Қарашин Қазмұқаш
- Аты-жөні: Қарашин Қазмұқаш
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ