Қаржаубаев Рахим 1906 жылы БҚО Тайпақ ауданының №5 ауылында дүниеге келген. Қазақ, орта білімді, қызметі – мұғалім. Батыс Алашорда әскери құрамасының құрамында қызмет жасаған, Алашорданың белсенді мүшесі. Тұтқындалған кездегі тұрғылықты жері – Жамбыл облысы. Жамбыл облысының Мирзоян стансасындағы Мирзоян атындағы №38 орта мектепте мұғалім қызметін атқарған. 1937 жылы 16 желтоқсанда Жамбыл облысының ГУГБ тарапынан тұтқындалып, РКФСР ҚК 58-7, 58-10, 58-11-баптары бойынша сотталған. Кейін істің қылмыстық құрамының жоғына орай 1939 жылы 11 наурызда Түркістан-Сібір темір жолының прокуратурасы ақтаған (БҚО ПД архиві №П-3406 Д. Байтұрсынов қылмыстық ісінде аталады; қосымша мағлұматтар Открытый список – ru.openlist.wiki сайтынан алынған. Қылмыстық іс №ЛЦ00003804. Жамбыл облыстық полиция департаментінде сақталған).
Қаржаубаев Рахим
- Аты-жөні: Қаржаубаев Рахим
- Туған жері: БҚО Тайпақ ауданының №5 ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ