Қаржаубаев Рахметолла Қаржаубайұлы 1894 жылы БҚО Тайпақ ауданының №5 ауылында дүниеге келген. Қазақ, орта гуманитарлық білімі бар. Батыс Алашорданың белсенді мүшесі болған. 1917 жылы көктемде Орал қаласында өткен облыс қазақтарының бірінші съезінде Орал облыстық қазақ комитеті–Жайық өзенінің сол жағалауын қоныстанған қазақ ауылдарын басқару мақсатында құрылған қазақ комитетінің мүшесі болып сайланған. Орал облыстық қазақ комитетінің төрағасы болып Ғұбайдолла Әлібеков сайланған. Комитетке мүше болып Ж.Досмұхамедов, Ы.Тоқберлиев, Х.Тасымов. Т.Сарбупиев, Е.Мұқанов, Д.Сәрсенбаев, Ғ.Әлібеков, Д.Күсепқалиев, Б.Жанқадамов, Д.Жұлдызов, Х.Досмұхамедов, Ы.Топаев, Е.Әбенов, К.Жәленов, Ғ.Есенғұлов, С.Қаратілеуов, Б.Жұмағалиев, С.Омаров және Б.Тлепиндермен қатар Рахметолла Қаржаубаевта сайланады. Орал комитеті І Орал облыстық қазақ съезінің Жайық сырты бөлігіндегі бұрынғы төрешіл-бюрократтық басқару жүйесін коллегиалды халықтық басқару жүйесіне ауыстыру жөніндегі шешімінен туындаған барлық қаулы-қарарды жүзеге асырумен шұғылданды. Орал қаласындағы, уездегі қазақ қаржысына салынған жылжымайтын дүние-мүлікті есепке алып, қазақ пайдасына қызмет еткізу, елден ерікті жылу жинау, оқу орындарын ашу, жәрмеңкелер өткізу, азық-түлікпен қамтамасыз ету, басқа қоғамдық ұйым-мекемелермен байланыс жасау ісімен айналысты.
РахметоллаҚаржаубаевӘ.Оспанов, Ж.Домаланов, А.Абылаев, Балғымбаев, Д.Күсепқалиевтерсындыреалдыучилищенің, мұғалімдерсеминариясыныңтүлектеріменбіргеІVОралоблысықазақсъезініңқарарымен 1918 жылыжаздаЖымпитыдаашылғанОйылоблысыжігіттеріненофицерлердаярлайтын 6 айлықюнкерлер (кейінпрапорщиктер) мектебінетүседі. Мектепті бітіріп, прапорщик шенінде Алашорданың Батыс бөлімін басқару жөніндегі бөлімшеде әскери қызмет атқарады. 1918 жылғы желтоқсандағы Жымпиты Алаш гарнизонының баскөтеруі кезінде Батыс Алашорда үкіметі қаржысының бір бөлігін аман алып қалып, Ойылға жеткізу ісін ұйымдастырушылардың бірі. Орал казак-орыстарының әскери үкіметін күш-көлік, майдан шығынын көтеріп отырған елдің күшімен халық әскерін ұстау қиын болатынын түсінген Батыс Алашорда басшылары Сібір Уақытша үкіметі мен ағылшындардың көмегіне сүйенуді ойластырды. Осы кезеңде Батыс Алашорда әскерінің конвой командирі қызметін атқарған. Кейін Кеңес үкіметі орнағаннан кейін мұғалімдік қызметпен айналысқан. Кезіндегі Батыс Алашорданың әскери командирлерінің бірі ретінде үнемі қудалауға ұшыраған. Тұтқындалған кездегі тұрғылықты жері – Ақтөбе облысы. 1933 жылы 3 мамырда Ақтөбе облыстық УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1934 жылы 5 ақпанда Қазақстандағы ПП ОГПУ Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-10, 58-11-баптары бойынша сотталып, 10 жылға ЕТЛ-ға қамалған. 1958 жылы 25 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Сотының қаулысымен істе қылмыс құрамының жоғына орай ақталған. (БҚО ПД архиві №П-3406 Д.Байтұрсынов қылмыстық ісінде аталады. Қылмыстық іс Алматы қалалық полиция департаментінің архивінде сақталған).