Қаражігітов Есқабыл 1883 жылы БҚО Қаратөбе ауданының Батпақкөл ауылында дүниеге келген. Қазақ, бай, писарь, болыс билеушісі, Алашорданың болыстық земство басқармасының төрағасы. Білімі бастауыш. Тұтқындалғанға дейін БҚО Тайпақ ауданы, Қаратөбе ауданы Батпақкөл ауылында тұрған, бухгалтер болып жұмыс жасаған. 1937 жылы 5 қарашада Тайпақ аудандық УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 15 ақпанда УНКВД үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-10-бабы бойынша сотталып, ең ауыр үкім – атужазасына кесілген, үкім орындалған. 1956 жылы 1 қарашада БҚО облыстық сотының президиумы істе қылмыс құрамының жоғына орай ақтаған (БҚО ПДА, 2528-іс).
Қаражігітов Есқабыл
- Аты-жөні: Қаражігітов Есқабыл
- Туған жері: БҚО Қаратөбе ауданының Батпақкөл ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ