Айтекенов Ахметкерей, 1903 жылы Орал облысы Қаратөбе ауданының №4 ауылында дүниеге келген. Қазақ, орта білімді, хатшы. «Алашорда мүшесінің баласы, Алашорда әскери жасағының құрамында болған, антисоветтік, ұлтшыл топтың мүшесі» деген айыптармен тұтқындалған. Әкесі патша заманында лауазымды қызметте болған, діни сауатты, молда болып, мешіт ұстаған. Тұтқындалған кезде Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласында тұрған. 1937 жылы 31 тамызда Ақтөбе облыстық УНКВД тарапынан тұтқындалып, РКФСР ҚК 58-10, 58-11-баптары бойынша 20 жылға ЕТЛ-ға қамалған. 1961 жылы 15 тамызда ҚазКСР Жоғары сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай ақталған (БҚО мемлекеттік архиві, 786-қор,1-тізбе, 225-іс, 3-4-парақ ).
Айтекенов Ахметкерей
- Аты-жөні: Айтекенов Ахметкерей
- Туған жері: Орал облысы Қаратөбе ауданының №4 ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ