Айтекенов Мұхамбет, 1888 жылы Гурьев облысы Махамбет ауданының Сарайшық ауылында дүниеге келген. Қазақ, бастауыш білімді, діни сауатты, молда. «Батыс Алашорданы қолдаушы, ниеттес, антисоветтік, ұлтшыл, контрреволюция ұйымдастырушы топтың мүшесі» деген айыптар тағылған. Тұтқындалған кезде Атырау облысының Махамбет ауданында тұрған. 1938 жылы 8 шілдеде Гурьев облысы Бақсай аудандық УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 19 қазанда УНКВД Ерекше Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-6, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1989 жылғы 16 қаңтардағы ПВС КСРО Қаулысына сәйкес 1989 жылы 30 мамырда ақталған (БҚО мемлекеттік архиві, 786-қор, 1-тізбе, 225-іс).
Айтекенов Мұхамбет
- Аты-жөні: Айтекенов Мұхамбет
- Туған жері: Гурьев облысы Махамбет ауданының Сарайшық ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ